Кішкентай азаматтардың үлкен құқықтары

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында кітапхананың тұрақты кішкентай оқырмандарының қатысуымен «Кішкентай азаматтардың үлкен құқықтары» атты құқықтық сағаты өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Кітапханашы ҚР Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданғанын және еліміздің негізгі заңы болып табылатынын айтты.
Балалар Конституцияның 9 бөлімнен тұратынын білді. «Адам және азамат» екінші бөлімімен толығырақ танысты. Еліміздің басты құжатында жазылған құқықтар тізімделді – әркімнің ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқыту және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар.
Соңында балалар мемлекеттік рәміздер бейнеленген басқатырғыштар жинап, кітаптар таңдауымен танысты.