Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Н. Островский ат. ОҚК «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» кітап көрмесі жұмыс істеуде. Көрме сыбайлас жемқорлық қызметі сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған.
Көрмеге Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұрысы» Заңы, Ж. Нұрғожаевтың «Парасат жолы», «Криминалогия» атты кітап және мерзімді басылымдары қойылды. Мақалалар: А.Апысбайұлы «Жемқорлыққа қарсы күрес – еліңді қорғау», Т. Растегаева «Сообщи о коррупции – защити будущее».
Сондай-ақ, көркем әдебиет, Гогольдің «Өлі жандар» поэмасы, «Ревизор» комедиясы, А.С. Грибоедовтың «Горе от ума» сияқты кітаптар ұсынылған.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.