«Озат» мектебінің оқушыларына арналған «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тілім менің – қасиетім, ардағым» атты іс-шара өткізді.
5 қыркүйекте елімізде Қазақстан халқының Тілдері күні атап өтіледі. Мереке күні ағартушы, қоғам қайраткері және қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.
Кітапханашы қазақ тілінің даму тарихын айтып, төрт кезеңнен тұратын «Бәйге», «Полиглот», «Ғажайыптар өрісі» және «Жорға» ойын-викторинасын өткізді. Балалар қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география, мәдениет және спорт салалары бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, жақсы білім көрсетті.
Команданың белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара соңында «Мемлекеттік тіл – ұлттық қазына» кітап сөресіне шолу жасалды.
Тілім менің – қасиетім, ардағым
