Егер адамдар дос болса – тілдер достасады

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде № 25 НОМ 8 «Б» сынып оқушылары үшін «Егер адамдар дос болса – тілдер достасады» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара Қазақстан халқының Тілдері күні аясында өткізілді.
Кітапханашы көрнекті ақын, түркітанушы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін үйренуге негіз болған араб графикасы негізінде қазақ әліпбиін жазып, ұрпақтарына қалдырғаны туралы айтып берді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізін қалаушы болып табылатынын, грамматикалық терминологияны негіздегенін, алғашқы «Қазақ тілінің әріпін» жасағанын, қазақ жазуын реформалағанын атап өтті.
Оқушылар біздің елімізде ұлттық мәдени орталықтар, басқа тілдерді үйренетін жексенбілік мектептер жұмыс істейтінін білді.
Соңында оқушылар «Тіл – халық танымының кілті» бейнеролигін тамашалады.