Тіл – халықтың ғұмыры

6 қыркүйек күні «Станционный» кітапхана-филиалы «Жұлдыз» клубының мүшелеріне «Тіл – халықтың ғұмыры» көрме-панорамасын ұйымдастырды. Көрмеге 40-тан астам басылым ұсынылды.
Бірінші бөлімде ұлы ағартушы, қазақ тілінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының көп томдық еңбегі, сондай-ақ ұлттық тілдің шығу тегі, мемлекеттік тілдің ерекшелігі мен патриотизмді қалыптастырудағы рөлі туралы кітаптар берілген.
Екінші бөлімде қазақ тілінің грамматикасын зерттеуге арналған басылымдар берілген. Тілдердің сұлулығын, байлығы мен ерекшелігін, мәдениеті мен дәстүрін сақтаудағы рөлін ашатын Д. Ысқақұлының «Сто народов – сто языков. Этнографический очерк», «Тіл эпопеясы немесе рухани жаңғырудағы қазақ тілінің тарихи миссиясы» атты кітаптары және т.б.
Үшінші бөлімде дүние жүзі халықтарының тілдерін қосымша зерттеуге арналған ағылшынша-қазақша-орысша, қазақша-орысша-французша сөздіктер сияқты 3 тілдегі сөздіктер берілген.
Ахмет Байтұрсынұлының тіл білімі мен әдебиетіне қатысты еңбектері мен Қазақстандағы тіл саясатын жүзеге асыру материалдары берілген бірінші бөлімге ерекше назар аударылды.
Шара соңында балалар жұмбақтарды тауып, тілдік есептерді шешіп, әр тілде мақал-мәтелдер тапты.