Нашақорлық дегеніміз не және оның құрбаны болу жолдары

«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттерімен «Нашақорлық деген не және оның құрбаны болу жолдары» атты әңгіме өткізді.
Кітапханашы студенттерге нашақорлықтың зияны, оның адам ағзасына әсері және жаман әдеттер туралы айтып берді.
Әңгіме барысында іс-шараның қонағы Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог-дәрігері Гүлсім Айтжанқызы Бисембаева қазіргі заманның өзекті мәселелері туралы айтып, жастарды нашақорлық жалпы әлеуметтік проблема болып табылатындығын ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді.
Іс-шара соңында «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыптық сөресіне шолу жасалды.