«Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында М. Қозыбаев ат. № 23 жалпы білім беретін мектептің оқытушыларына арналған «Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Оқу – табысқа апарар жол» атты дәріс-шолу өткізді.
Кітапханашылар бұл жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Оқитын ұлт» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Жобаның негізгі ережелерін, оның мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. «Оқитын педагог» педагогтары арасында интеллектуалдық квиз өткізу регламенті туралы толығырақ айтылды.
Іс-шара барысында «Өзіңізге кітапқа оқуға уақыт беріңіз» атты кітап көрмесіне шолу жасалды, онда педагогтарға арналған жоба аясында оқуға ұсынылған кітаптар қойылды. Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері», Бауыржан Момышұлының «Біздің отбасы», Халед Хоссейнидің «Тысяча сияющих солнц», Стивен Ковидің «7 навыков высокоэффективных людей» және т. б. кітаптары ұсынылды.
Іс-шара соңында қостанайлық жазушы А. И. Суслованың осы жобаның маңыздылығы туралы бейнеролигі көрсетілді.
Оқу – табысқа апарар жол
