Табиғат құбылыстары

«Дорожный» кітапхана-филиалында «Ғажайып бөлме» үйірмесінің қатысушыларына «Табиғат құбылыстары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Кітапханашы балаларға әртүрлі табиғи құбылыстар туралы айтып, табиғатта қауіпті жағдайлар туындаған кезде өзін қалай ұстау керектігін түсіндіретін танымдық бейнеролик көрсетті.
Әңгімелесуден кейін балалар табиғат тақырыбындағы суреттерді – ағаштарды, гүлдерді, тастарды құмарлықпен бояп, кітап беттеріндегі жарқын пейзаждарды тамашалап, айналадағы әлемнің сұлулығынан ләззат алды.