Оқитын мектеп

12 қыркүйекте «Дружба» кітапхана-филиалында Дружба жалпы білім беретін мектебінің тоғызыншы сынып оқушыларына арналған «Оқитын мектеп» библиодәрісі өткізілді.
Кітапханашы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың бастамасымен және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Оқитын ұлт» жобасы туралы айтып берді.
Іс-шараға қатысушылар жобаның миссиясы, жоба қандай мақсатты топтарға бағытталғандығы, жобаға қатысушыларға қойылатын талаптар туралы білді. Сондай-ақ, кітапханашы сараптамалық комиссия оқу үшін таңдаған, кітапханада бар кітаптарды көрсетіп, барлығын жобаға қатысуға шақырды.