«Южный» кітапхана-филиалында шағын аудан тұрғындары үшін «Жанұя» балалар ауылының 25 жылдығына арналған «Бақытты отбасы – бақытты ел» пайдалы ақпарат сағаты өткізілді.
Жүргізушілер балалар үйлерінің тарихы туралы айтып, олардың дамуының негізгі кезеңдерін атап өтті. Біздің Президент Қ.-Ж. Тоқаев әр баланың құқығын қорғауды талап ететінін мәлімдеді. Біздің жерімізде дүниеге келген кез келген бала – қазақстандық. Мемлекет оған қамқорлық жасауы керек.
«Жанұя» балалар ауылының директоры және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, балалардың өмірі, олардың білімі, тәрбиесі, медициналық қызмет көрсетуі және басқа да аспектілері туралы әңгімеледі.
Іс-шара «Жұлдыз» домбыра студиясының «Балбырауын» күйін орындауымен жалғасты. «Парковка» балалар студиясының гитаристері «Сансара» әнін орындады. Кітапхана оқырманы Бакуменко Галина Петровна ана туралы өлең оқыды.
Іс-шара соңында «Менің отбасым – менің мақтанашым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Бақытты отбасы – бақытты ел
