АБА кітапхананың – ақпараттық кілті

«Северный» кітапхана-филиалында «АБА кітапхананың – ақпараттық кілті» тақырыбында кітапханалық сабақ өтті.
Кітапханашы кітапхана қорындағы анықтамалық-библиографиялық басылымдарымен таныстырып, оқырмандарға ізденіс жасау жолдарын, қажетті ақпаратты дұрыс табудың тәсілдерін көрсетті. Оқушылар өз еріктерімен алфавиттік каталогтан керекті кітапты табуды үйренді.