Авторлардың шығармашылығы бойынша

17 қыркүйекте «Станционный» кітапхана-филиалында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында № 15 НМ 8 сынып оқушыларына «Авторлардың шығармашылығы бойынша» әдеби сағаты өткізілді.
Кітапханашы 2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында дауыстары бүгінгі күнге дейін өзекті болып қалатын екі ұлы автордың шығармаларына ерекше назар аударылғанын айтты. Оқу үшін жанр бойынша екі автор таңдалды: проза – көрнекті жазушы, ақын, сыншы және аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары; поэзия – әйгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің 2025 жылы 90 жылдық мерейтойы атап өтілетін шығармалары.
Іс-шара барысында авторлардың өмірбаяндық фактілері айтылды. Іс-шараға қатысушылар поэзия мен прозадан үзінділер оқып, шығармалардың көркемдік құндылығын атап өтті.