А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының кітапханашылары №2 мектеп-лицейінің 6 «В» сынып оқушылары үшін «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасы» атты іс-шара өткізді. Іс-шара «Балалар кітапханасы – мектеп – отбасы» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақ ауыз әдебиетінің ең танымал шығармаларының бірі – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасымен танысты. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мультсериалының бір бөлімі көрсетілді.
Балалар шығармадан үзінділерін мәнерлеп оқып, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың портреттерін салып, викториналық сұрақтарға жауап берді, әдеби кейіпкерлерге жұп тауып, жасырылған жүректерді іздеуде белсенділік танытты, сөз құрастырып, есте сақтау мен зейінділік қабілеттерін жаттықтырды.
Іс-шараға белсене қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасы
