Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

«Парасат жолы» жобасы аясында Н. Островский ат. ОҚК «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты кітап көрмесі жұмыс істеуде. Көрме сыбайлас жемқорлық қызметі сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған.
Көрмеге кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Ж. Нұрғожаевтың «Парасат жолы», «Криминология» кітаптары, Т. Растегаевтың «Сообщи о коррупции – защити будущее» мақалалары, А. Алпысбайұлының «Жемқорлыққа қарсы тұру – еліңді қорғау» атты «Заң газетінде» жарияланған, Н. Көшеровтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте альтруизм» AQIQAT ұлттық қоғамдық-саяси журналында жарияланған мақалалары.
Көркем әдебиет те ұсынылған: Н. В. Гогольдің «Өлі жандар» поэмасы және «Ревизор» комедиясы, А. С. Грибоедовтың «Ақылдан қайғы», И. Ильф пен Е. Петровтың «Он екі орындық» романы. Жазушылар өз шығармаларында өз оқырмандарына әсер етуге, осы мәселеге назар аударуға тырысады.