Туған өлкенің ақыны

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде «Узкоколейный» кітапхана-филиалында қостанайлық ақын Серікбай Оспановтың 80 жылдығына орай кітапхана оқырмандарының ақынмен кездесуі өтті.
Іс-шараның басында кітапханашылар ақынды таныстырып, оның қазақ әдебиетін дамытудағы рөлін атап өтті. Оқырмандармен кездесуде іс-шара қонағы өзі туралы, өз шығармашылығы туралы, Алтынсарин мен Байтұрсыновтың еңбектерін зерделеу туралы айтып берді. Оқырмандар үшін оның кітаптарына шолу жасалды. Оның өлеңдері оқылды.
Серікбай Оспанов өзінің «Сағындым Алматымды» атты шығармасы туралы, «Музарт» тобының, Валентина Толкунованың, Мақпал Жүнісованың, облыстық филармонияның солистерінің орындауындағы өлеңіне арналған әні туралы айтып берді.
Кітапхана қызметкерлері биыл Серікбай Оспановтың 80 жылдығына орай шығарылған «Туған өлкенің ақыны» библиографиялық көрсеткішін ұсынды.
Іс-шара соңында оқырмандар ақынға өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды. Кездесу жылы, достық жағдайда өтті.