«Южный» кітапхана-филиалында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай оқырмандардың көпшілігін ақпараттандыру мақсатында «Бірлік пен жасампаздыққа 30 жыл» атты кітап-журнал көрмесі дайындалды. Келушілер Ассамблеяның қалыптасуы мен дамуы, ұлттық-мәдени орталықтар және олардың Қазақстанда тұратын халықтардың этносын сақтау жөніндегі қызметі туралы әңгімелейтін кітаптар мен журнал мақалаларымен таныса алады.
Көрме Қазақстан аумағында тұратын түрлі этностардың тарихы мен қазіргі өмірін, қуғын-сүргінге ұшыраған халықтарды депортациялау, олардың рухани мәдениетін, дәстүрлерін, өнерін дамыту процесін ашатын материалдарды көрсетеді.
Көрмеде ҚХА-ның құрылу және даму тарихымен таныстыратын «Ассамблея народа Казахстана: история двух десятилетий» атты кітап ұсынылды. О. Дымовтың «Мы, народ Казахстана…» басылымы Қазақстанның қазіргі полиэтникалық қоғамының жай-күйін ашып, республиканың бірқатар диаспораларына шолу жасайды.
Т. Байғабатовтың «Мысль» журналының беттерінде жарияланған «Укрепляя основы мира и согласия» атты мақаласы Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және тілдік қатынастар туралы білімдерін кеңейтуге көмектеседі.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді ұсынылған материалдармен танысуға шақырамыз.
Бірлік пен жасампаздыққа 30 жыл
