2025 жылғы 26 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» кезекті сабақ өткізілді. Қатысушылар өткен тақырыпты қайталай отыра, «Қазақстан табиғаты» атты жаңа тақырыппен танысты. Бұл кезекті сабақта Қазақстан табиғаты туралы мәлімет айтылды, жаңа сөздер меңгерілді. Қатысушылар тақырып бойынша өз ойын ауызша және жазбаша жеткізді, «Бос орындарды толтыр», «Суретпен жұмыс» сөйлеу тапсырмаларын толық орындап шықты.
Сабақтың қызықты, әсерлі өтуі ойластырылып, тапсырмаларды орындауына, тіл үйренушілердің жаңа материалдарды игеруіне барлық жағдай жасалды. Тіл үйренушілер кезекті кездесуден алған жақсы әсерлерімен бөлісіп, тарқасты.
Қазақстан табиғаты
