2025 жылдың 1 қазанында Н. Островский ат. ОҚК ұжымы кітапхана ісінің ардагерлер мен «Лада» және «Вдохновение» клубтарының мүшелеріне Халықаралық қарттар күніне арналған «Ақылды қария – ағып жатқан дария» мерекесін өткізді. Кітапханашылар мерекенің тарихымен бөлісті.
Жиналғандар «Мирас» МҮ әншісі Д. Ақтановтың, «Ақ-Дариға» тобының мүшесі Ж. Ишанованың, гитарист В. Цойдың музыкалық нөмірлерін тамашалады. Көрермендер мерекелік шараға белсенді қатысты. Ардагер кітапханашылар мен клуб қатысушылары шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Ақылды қария – ағып жатқан дария
