Поэма беттері бойынша

«Ғафу Қайырбеков ат. № 9 жалпы білім беретін мектеп» КММ 6 «Ә» сынып оқушыларына арналған «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері С. Торайғыровтың 110 жылдығына орай «Кім кінәлі?» «Поэма беттері бойынша» әдеби аукционын өткізді.
Іс-шараға – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аймукатова Жанна Қабылтайқызы, «Ғафу Қайырбеков ат. № 9 жалпы білім беретін мектеп» КММ Төлегенова Алма Шоқайқызы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысты.
Өз сөзінде олар Сұлтанмахмұт Торайғыров – ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің жарқын өкілі, шығармашылығы Қазақстанның мәдени мұрасында өшпес із қалдырған ақын, жазушы және публицист екенін атап өтті.
Кітапханашы романның «К»ім кінәлі?» 1916 жылы жазылғанын атап өтті. Шығармада ақын өз заманының маңызды әлеуметтік мәселелерін көтереді: рулық қақтығыс, таптық қысым, әйелдердің құқықсыздығы. Сондай-ақ, поэмада қазақ даласындағы тарихи өзгерістер көрсетілген.
Оқушылар роман үзінділерін мәнерлеп және шешендік оқуды жақсарту үшін жарысты, сұрақтарға жауап берді, кейіпкерлердің поэтикалық сипаттамасын тапты, пайымдап, жауап іздеді.
Шара соңында «Сұлтанмахмұт Торайғыров – реалист ақыны» атты кітап көрмесімен танысты.