9 қазанда «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ № 115 оқушыларымен ақпараттық кездесу өткізді.
Кітапханашы IV облыстық «ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауының ережесімен таныстырды. Оның шарттары, қатысушыларға қойылатын талаптары және өткізу мерзімдері туралы айтты.
Іс-шара соңында балаларға ақпараттық парақшалар табыс етілді, сондай-ақ конкурсқа белсенді қатысуға шақырылды.
#ОқыЖәнеЖең
