#ОқыЖәнеЖең

«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қостанай қаласының білім бөлімінің физика-математика лицейі» КММ оқытушылары үшін заманауи тұлғаны оқу мәдениетін дамыту мақсатында «PRO-движение #ОқыЖәнеЖең» ақпараттық сұхбатын өткізді.
Кітапханашылар IV облыстық онлайн-конкурстың негізгі ережелерін, оның мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Байқау екі тілде – Қостанай облысының тұрғындары үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілетінін атап өтті.
Конкурсты өткізу регламенті туралы толығырақ айтылды. Аудитория назарына конкурс туралы толық ақпараты бар ақпараттық парақшалар ұсынылды.