18 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтіледі.
Бұл күн Алматыда Бірінші дүниежүзілік Рухани келісім конгресі өткен 1992 жылдан бастап есептеледі.
Осы мереке аясында А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының кітапханашылары С. Мәуленов атындағы мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен «Бейбітшілік пен келісім жолы» атты іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, оқушылар эссе жазып, өлең оқып, «Келісім ағашына» тілектер жазды. Сонымен қатар, «Бейбіт елдің өркендеуі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бейбітшілік пен келісім жолы
