#ОқыЖәнеЖең

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкері 8 «А», 8 «Б» сынып оқушыларымен танымдық бағыттағы кездесу өткізді.
Шара барысында оқушыларға «ОқыЖәнеЖең» атты облыстық онлайн байқауы кеңінен таныстырылды. Кітапханашы байқаудың мазмұны мен талаптарын, қатысу тәртібін, сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау жүйесін жан-жақты түсіндіріп өтті.
Оқушыларға кітап оқудың пайдасы мен рухани дамудағы маңызы жайлы айтылып, оларды уақытты тиімді өткізуге, білімге құштар болуға, кітапты серік етуге шақырды.
Шара соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, байқауға қызығушылық танытты.