Мен Отанды жақсы көремін

Республика күні қарсаңында «Дружба» кітапхана-филиалында «Мен Отанды жақсы көремін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда еліміздің басты заңы – Конституция, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы, мемлекеттік рәміздер туралы, жас мемлекеттің астанасы туралы және табиғат туралы әдебиеттер ұсынылған. Бұл «Қазақстан» фотокітабы, «Вечная страна Казахстан» жинағы, «Астана» энциклопедиясы сияқты басылымдар, сондай-ақ мерзімді басылымдардан алынған мақалалар – Д. Журавлеваның «История праздника», К. Айтхожиннің «Мысль» журналында жарияланған «Документ, открывший путь к Независимости Казахстана» және басқалар. Сондай-ақ О. Асқар, Б. Үсенбаев, С. Қалиұлы және басқа да авторлардың Республика күніне арналған өлеңдері ұсынылды.