#ОқыЖәнеЖең

«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қостанай қаласының білім бөлімінің М.Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектеп» КММ 10 «Б» сынып оқушылары үшін заманауи тұлғаны оқу мәдениетін дамыту мақсатында «PRO-қозғалыс «#ОқыЖәнеЖең» ақпараттық сұхбатын өткізді.
Кітапханашылар IV облыстық онлайн-байқаудың негізгі ережелерін, оның мақсаттарын, міндеттерін, жеңімпаздарды марапаттау тәртібін түсіндірді. 15-18 жас аралығындағы байқауды өткізу регламенті туралы толығырақ айтылды. Барлық қатысушыларға байқау туралы толық ақпараты бар ақпараттық парақшалар табыс етілді.
Әңгіме соңында балалар kitap10.kz сайтына тіркелді.