#ОқыЖәнеЖең

№ 20 М. Хәкімжанова атындағы мектептің 11 «А» сынып оқушыларына «Южный» кітапхана-филиалының кітапханашылары IV областық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауын насихаттау мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында кітапханашы байқау ережесімен таныстырды, жадынамалар таратты және байқауға белсенді түрде қатысуға шақырып, оқушыларға сәттілік тіледі.