2025 жылдың 20 қазанында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясы» КММ «Строительный» кітапхана-филиалының ұжымы «#ОқыЖәнеЖең» IV облыстық онлайн байқауын насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кітапханашылар байқау ережелерімен, мақсаттарымен, міндеттерімен және марапаттау рәсімімен таныстырды. Қатысқандардың барлығына байқау туралы толық ақпарат жазылған ақпараттық парақшалар берілді.
Талқылау соңында студенттер қатысуға ниет білдірді.
#ОқыЖәнеЖең
