Қазақстан Республикасы күніне орай 21 қазан күні «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №15 НМ сынып МДС оқушылары үшін «Ғасырлар бойы өмір сүр, Менің Республикам!» патриоттық сағатын өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Кітапхана қызметкерлері оқушыларға Республиканың қалыптасу тарихы туралы ақпарат беріп, «Ел тарихын білесің бе» викторинасын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар Отан туралы өлеңдер оқыды, Қазақстан туралы әндер шырқады, «Қос алқа» қазақ биін көрсетті.
Іс-шара соңында «Менің Отаным» кітап көрмесіне қысқаша шолу жасалды.
Ғасырлар бойы өмір сүр, Менің Республикам!