Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «№ 13 НОМ» оқушыларына «Менің Республикам, менің Қазақстаным» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара басында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Бастауыш сынып мұғалімі Лазарчук Оксана Петровна қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Кітапхана қызметкері мерекенің басталу тарихын, «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендік туралы декларациясының» қабылдануы, рәміздер, ұлттық валюта және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы айтып берді.
Кездесу барысында қатысушылар тәуелсіздіктің құндылығы, жастардың мемлекет дамуындағы рөлі және азаматтық жауапкершіліктің маңызы туралы талқылады.
Қазақстанның көрнекті қайраткерлері – Абай, Ахмет Байтұрсынұлы, Бауыржан Момышұлының сөздеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара «Барлығы сенің қолыңда» рефлексивті жаттығуымен аяқталды, қатысушылар Қазақстан Республикасы күніне арналған тілектерімен бөлісті.
Менің Республикам, менің Қазақстаным
