22 қазан күні Н. Островский ат. ОҚК-да Кітапханашылар күніне арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Кітапханашыларды марапаттау рәсімі қошеметпен өтті. Күн сайын оқырмандардың игілігі үшін толық табыстылықпен еңбек ететіндер, қуаттандыратындар, шабыттандыратындар, жасайтындар атап өтілді.
Ұлы Отан соғысы туралы үздік book-трейлерге арналған байқаудың жеңімпаз оқырмандары дипломдармен және сыйлықтармен, сондай-ақ сертификаттармен марапатталды.
Жас мамандарды мамандыққа қабылдау қызықты өтті, әркім кітапханашылар қатарына қабылдау туралы куәлік алды. Жас кітапханашылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін «Три девицы под окном» сахналауында көрсетті.
Соңында барлық қатысушылар Жалмауыз кемпірдің сұрақтарына дұрыс және жылдам жауап берді. Музыкалық нөмірлерді «Мирас» ҚМҮ Қостанай –2 әншісі Жүсіпов Жеңіс сыйға тартты.
Виват, кітапханашы!
