#ОқыЖәнеЖең

«Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Білім-инновация» лицейінің 7-ші сынып оқушыларына «#ОқыЖәнеЖең» IV облыстық онлайн оқу байқауын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысу ережелері, конкурстың кезеңдері, жүлде қоры және әрбір жас тобы бойынша байланыс телефондары туралы ақпараты бар екі тілде ақпараттық парақтар таратылды.