Күн астында гүлде, менің Қазақстаным!

«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 19 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары үшін Республика күніне арналған «Күн астында гүлде, менің Қазақстаным!» әдеби-музыкалық композиция өткізді.
Іс-шара басында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.
Кітапханашы тарих туралы айтып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері туралы ақпарат берді. Балалар Отан мен патриотизм туралы өз пікірлерін білдірді.
Іс-шара барысында Ж. Нәжімеденовтің «Наш гордый Казахстан!», Т. Айбергеновтың «Моя Республика», Ф. Миннің «Я горд, что я Казахстанец!» және т.б. өлеңдер оқылды, Батырхан Шукеновтың орындауындағы «Отан ана» әні шырқалды. «Жастар биі» және «Тепен көк» күйлерін орындаған «Детская парковка» балаларды дамыту орталығының «Дала үні» домбыра ансамблі домбырашыларының өнер көрсетуі мерекенің сәніне айналды.
Іс-шара соңында балалар «Менің Қазақстаным – менің мақтанышым!» кітап көрмесінде ұсынылған басылымдармен танысты.