Қазақ балуандары

«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің балалары үшін балаларды белсенді демалысқа және салауатты өмір салтына тарту мақсатында «Қазақ балуандары» танымдық сағаты өткізілді.
Кітапханашы спортпен шұғылданудың маңыздылығы, белсенді өмір салтын ұстану қажеттігі туралы айтып берді. Қажымұқан Мұнайтпасов, Балуан Шолақ және қазіргі заманғы атақты адамдар Жақсылық Үшкемпіров пен Олимпиада чемпионы Елдос Сметов сияқты атақты қазақ балуандарының өмірі туралы мысалдар келтірді. Іс-шара барысында балалар «Қазақша күрес», «Дзюдо», «Грек-рим күресі» және т.б. сияқты күрестің ұлттық және классикалық түрлері туралы білімдерімен бөлісті, сондай-ақ спорттағы өмірі туралы айтып берді. Соңында «Намысты қолдан бермеген!» тақырыптық сөресіне шолу жасалды.