Ұлттық валюта – Тәуелсіздік нышаны

5 қарашада «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 9 НОМ 7 сынып оқушылары үшін ҚР ұлттық валютасына арналған іс-шара өткізді.
Кітапханашы ұлттық валютаның пайда болу тарихы, ел экономикасындағы және әр адамның өміріндегі теңгенің рөлі мен маңызы туралы айтып, Қазақстанның ұлттық валютасы күнінің тарихи маңыздылығын атап өтті.
Оқушылар 1993 жылы ҚР Ұлттық валютасы енгізілгенін және 15 қарашада алғаш рет айналымға енгізілгенін білді. Кітапханашы балаларға теңгенің бұрынғы вексельдерін көрсетті. Балалар викторинаға белсенді қатысып, өлеңдер оқып, ұлттық валютаның тарихы туралы бейнеролик көрді.