Поэзияның шыңы біздің Абай болды

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында № 25 НОМ 7 сынып оқушылары үшін «Поэзияның шыңы біздің Абай болды» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара ұлы ақын, ойшыл, философ, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Шара басында кітапханашы Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі туралы айтып, ақынның поэзиясымен таныстырды.
Іс-шара барысында оқушылар Абай өлеңдерін, «Қара сөздерін» оқыды, ақынның өмірі туралы бейнеролик көрді, оның «Көзімнің қарасы» өлеңіне ән тыңдады.
Соңында кітапханашы «Қара сөздердің» 45 сөзден тұратынын, Абай өз еңбегінде адамның қадір-қасиетін қорлайтын жамандықтардан арылуға және рухани кемелдікке ұмтылуға, білім алу, өзін-өзі дамыту, өзімен жұмыс істеу жолымен жүруге шақыратынын атап өтті.