Әдеби ертегіні сахналау

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті.
Кітапханашы балаларға орыс халқының «Колобок» ертегісін сахналауды ұсынды. Іс-шара барысында оқушылар белсенді қызығушылық танытып, рөлдер бойынша оқығанда өздерінің көркемдігін көрсетті. Қатысушылар достық туралы мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шешті.
Іс-шара соңында тақырыптық сөреге шолу жасалды.