Қалалық балалар кітапханасында А. С. Пушкин атындағы «Асыл мұра» үйірмесінде «Тоқыма техникасы» тақырыбында сабақтар өтті.
Қатысушылар тоқыма техникасымен және оның түрлі түрлерімен танысты: жіптер, ине түрлері, сондай-ақ, үлгі өрнектерімен. Сонымен қатар, материалдарды дұрыс пайдалану, қауіпсіздік ережелері мен шығармашылық процессқа қызығушылықты қалай арттыру туралы ақпараттар берілді. Сабақ барысында қатысушыларға материалдармен және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, тоқыма жіптері мен спицаларды дұрыс пайдалану және шығармашылыққа деген қызығушылықты қалай дамыту керек екендігі түсіндірілді. Сабақтың мақсаты – шыдамдылық, зейін және ұстамдылықты дамыту, сондай-ақ қолөнер дәстүрлерін сақтау маңыздылығын түсіндіру. Қатысушылар осы білімдері мен дағдыларын келешектегі шығармашылық жобаларында пайдалану үшін шабыт алды.
Тоқыма техникасы