Балалар әдебиетінің інжу маржаны

Америкалық жазушы, қоғам қайраткері, журналист Марк Твеннің 190 жылдығына орай «Қонай» кітапхана-филиалында «Балалар әдебиетінің інжу маржаны» атты кітап кеші өтті. Ф.Оңғарсынованың аудармасында М. Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» атты кітабы ұсынылды. Қатысушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы, кітап, Т.Сойердің шытырман оқиғалары туралы айтылды. Сондай-ақ, кітапта Америка Құрама Штаттарының шағын қалашығының XVIII ғасырдағы қарапайым тұрғындарының өмірі мен тұрмысы, психологиясы және түсініктері сипатталған. Балалар кітап тарауларымен танысып, «Алтын ағыс», «Жексенбілік мектепте» тарауларынан үзінділерді дауыстап оқыды.