Кітап бенефисі

«Северный» кітапхана-филиалында «Шаңырақ» ҰКК отырысы аясында біздің атақты ақын Серікбай Оспанұлының қаламынан шыққан «Ақынның жаны» кітабының тұсаукесері өтті.
Ақын тыңдаушылармен өмір, поэзия және шығармашылық туралы өз ойларымен бөлісті. Жанына жақын өлеңдерді оқып, сұрақтарға жауап берді. Жаңа кітаптың бенефисі шай ішіп, өте жылы және жанды атмосферада өтті. Домбыраның сүйемелдеуімен кітапханашы Т. Ж. Әбдікәрімованың орындауында ақынның өлеңдеріне ең танымал және сүйікті әндер шырқалды.
Кеш соңында автор ақын Серікбай Оспановтың шығармашылығы бойынша «Поэзия – менің жанымның әуені» әдеби бұрышын толықтырған жаңа кітапта өз тілектерін қалдырды.