Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы

15 қарашада «Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері 6697 ә/б мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне арналған концерт ұйымдастырды. Аталған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті.
Клубта Роза Ким мен Клара Кимнің орындауындағы корей тіліндегі әндер шырқалды, «Казачья воля» халық ансамблі казак фольклорынан тамаша әндер сыйлады, кітапханашы Т. Ж. Әбдікәрімова мен ансамбль әншісі Ирина Овраменконың домбыра сүйемелдеуімен ән сарбаздары қошеметпен қарсы алды.
Аталған іс-шараның барлық қатысушылары бөлім командирі подполковник Е. Арыстаналиевтің қолы қойылған алғыс хаттармен марапатталды.
Концерттің соңында «Атамекен» әнінің бірлесіп орындалды, бұл біздің, қазақстандықтардың отаны бәрінде жалғыз екендігінің белгісі!