2025 жылдың 20 қарашасында «Строительный» кітапхана-филиалында «Біз бақытты баламыз» үйірмесінің мүшелеріне жол қозғалысы ережелері бойынша танымдық ойын өткізілді.
Балалар жол белгілері бейнеленген плакаттар арқылы жол қауіпсіздігі туралы білімдерін көрсетті. Кітапханашы балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша пікірталас жүргізді.
Ұсынылған брошюралар: К. Саттібайұлы «Елгезек бағдаршам, ток-қуат және басқалар», «Айналайын, абайла! Осторожно, дети!». Балалар «Жол ережесін біл» үстел ойынын ойнады. Сабақ қызықты әрі тәрбиелі болды!
Жол ережесін біліп, абай болайық!