Аңшылық өнері

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы балаларға ата-бабаларымыздың ежелгі аңшылық өнері туралы айтып берді. Балалар Абай Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға», Сен білесің бе «Аңшылық өнер», Беркінбай О, «Қазақстанның құстары» туралы кітаптарынан алынған материалдарды пайдалана отырып, аңшылық өнерінің қыр-сырын сипаттайтын өлеңдер оқыды. Іс-шара соңында балалар билік пен жомарттықты бейнелейтін бүркіт суретін салып, дайын жұмыстардың көрмесін жасады.