Инклюзивті мәдениет – уақыт талабы

«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесінің аға кітапханашысы Бекентаева Айман Кожаковнамен бірге 1 курс студенттері үшін «Инклюзивті мәдениет – уақыт талабы» атты ақпараттық сағатын өткізді.
Кітапхана қызметкерлері тыңдаушыларға жасөспірімдерге арналған инклюзивті мәдениет – бұл ұжымның кез келген мүшесіне төзімділікпен, адамгершілікпен қарайтын даму деңгейі, әрбір тұлғаның құндылығы, мемлекеттің көмегі, ерекше қажеттіліктері бар адамдар туралы айтып берді.
«Шабытты сезін» көрмесін ұсынды, Қазақстан Республикасының суретшілері – Демеева Майя мен Күйіков Қаріпбектің ауыздарымен және аяқтарымен әдемі суреттер салатын шығармашылығымен таныстырды.
Іс-шара «Егер әркім бір-біріне шыдамды болса, онда біз бірге әлемімізді толерантты етеміз!» атты үндеумен аяқталды.