Тарихты тану: уақыт, оқиғалар, адамдар

«Станционный» кітапхана-филиалында аты аңызға айналған композитор, күйші, дирижер, өнер жауһарына айналған музыкалық шығармаларды жасаушы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Тарихты тану: уақыт, оқиғалар, адамдар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Композитордың әр түрлі репертуарына оның «Құстар әні», «Саржайлау», «Алатау», «Менің жерім», «Куә бол» шығармалары енген. Ол бүкіл өмірін музыкаға арнады және Қазақстанның бас дирижері болды.
Көрмеге оның шығармашылығы туралы кітаптар қойылды: Халық перзенті «Нұрғиса Тілендиев», «Композиторы Казахстана», «Қазақ музыкасы», сондай-ақ мерзімді басылымдардан алынған мақалалар ұсынылды.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.