Біз ерекше нәрселерді қиындықсыз жасаймыз

5 желтоқсанда «Южный» кітапхана-филиалында Хабардарлық онкүндігі аясында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған № 3 Қостанай арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушілеріне арналған «Біз ерекше нәрселерді қиындықсыз жасаймыз» шебер-сыныбы өтті.
Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі» КМҚК бейнелеу өнері мұғалімі Дүйсембаева Светлана Сергеевна қатысты.
Светлана Сергеевна былғары бұйымдарын жасау бойынша шебер-сынып өткізді. Мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері салпыншақ жасауда қуана еңбек етті.
Кітапханашы «Қиял аралы» кітап көрмесімен таныстырды, онда балалар шығармашылығы, қол еңбегі бойынша кітаптар ұсынылды.
Іс-шараның қорытындысы дайын жұмыстар көрмесіне шолу болды.
Шебер-сынып жылы шығармашылық атмосферада өтті. Балалар өз қолөнерімен мақтанып, атқарылған жұмыстардан жарқын әсер алды.