10 желтоқсанда «Северный» кітапхана-филиалында «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушыларымен «Латын әліпбиі – әлемдік мәдениеттің құбылысы» атты диалогтық алаң өткізілді.
Іс-шараға педагог, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» Сүйинкина Биялаш Балтақызы қатысты. Өз сөзінде ол латын графикасы қазіргі Қазақстан үшін маңыздылығын атап өтіп, оның жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді. Оқушылар назарына латын әліпбиінің халықаралық байланыстардағы рөлі көрсетілген бейнеролик ұсынылды, ал электронды презентация әлемдік кампаниялардың өз брендтерін ілгерілетуде латын қарпін қолданатынының айқын мысалы болды.
Кездесу соңында оқушылар зерттеушілік ынтамен латын қарпімен жазылған мәтінді оқып, оның мазмұнына тереңірек үңіліп, ерекшелігін сезіне алды.
Латын әліпбиі – әлемдік мәдениеттің құбылысы