Желтоксан шежіресі – елімнің мәртебесі

10 желтоқсанда «Западный» кітапхана-филиалында «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты тарихи сағат өткізілді. Қатысқандар: А. Байтұрсынов атындағы университет профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Ж. А. Шаукенов, желтоқсан оқиғаларының қатысушысы Б. Б. Бекмұханбетова, «Озат» МАТЛМИ оқушылары.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.
Іс-шара қонақтары Жангелді Арсенұлы мен Бибігүл Бексұлтанқызы 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалардан бастап тәуелсіздіктің қалыптасу тарихын, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына дейінгі қайғылы оқиғалар және Желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдар – Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова туралы айтып берді.
Қатысушылар үшін «Тәуелсіздік – мақтанышым» атты кітап көрмесі ұсынылды. Оқушылар «Желтоқсан желі», «Тәуелсіздік – мәңгілік ел тірегі» өлеңдерін оқыды.
Іс-шара патриоттық нотада аяқталды, оқушылар «Мен қазақпын» әнін орындады.