11 желтоқсанда «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 9 НОМ 7 сынып оқушылары үшін «Тәуелсіздік шежіресі» атты іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы еліміздің даму тарихы туралы айтып берді. Оқушылар Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей хан мен Жәнібек хан туралы білді. Жекелеген тарихи тұлғалардың, көрнекті хандардың өмірі егемен тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты.
Қатысушылар «Тәуелсіздік – еліміздің батырлық жолы» атты тарихи коллажбен танысты.
Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры