2025 жылғы 11 желтоқсанда А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасында «Балалар кітапханасы-мектеп-отбасы» жобасы аясында «Жылдың үздік оқырманы!» байқауы өткізілді.
Байқау барысында жобаны іске асыруға қатысқан оқырмандарға әдебиеттер беру қорытындысы шығарылды. «Жылдың үздік оқырманы!», «Жас кітапқұмар», «Ең көп оқитын оқушы», «Оқитын отбасы», «Кітапхананың белсенді досы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, қатысушылар үшін «Кітаптардың сиқырлы әлемі» әдеби викторинасы, жазушылардың портреттері бойынша басқатырғыштар жинағы ұйымдастырылды. «Бізбен бірге оқыңыздар!» кітап көрмесінде біздің қатысушылар жыл бойы оқыған және таңдаған кітаптар ұсынылды.
Жылдың үздік оқырманы