Н. Островский ат. ОҚК-нда «Парасат жолы» жобасы аясында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты кітап көрмесі жұмыс істеуде. Көрме сыбайлас жемқорлық қызметі сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған.
Көрмеге кітап басылымдары қойылды: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Ж. Нұрғожаев «Парасат жолы», «Криминология», сондай-ақ мерзімді басылымдардағы мақалалар: Бектұрғанова Г. «Этикалық стандарттар жемқорлыққа жол бермейді» («Заң» газеті), Кушеров Н. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте альтруизм» («AQIQAT» журналы), Тиссен А. «Мы против коррупции» («Экологический курьер» газеті).
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз